Теледидарда фотосуреттерді және бейнелерді көру
Фотосуреттерді және бейнелерді үйлесімді теледидарда көруге болады. Бұл
оларды жанұя мен достарға көрсетудің оңайырақ етеді.
Nokia бейне байланыс кабелін (бөлек сатылады) пайдалану керек және
теледидардың шығыс параметрлері мен кадр пішімін өзгерту керек болуы мүмкін.
Теледидардың шығыс параметрлерін өзгерту үшін >
Параметр-р
және
Телефон
>
Көмекші құралдар
>
ТД шығысы
тармағын таңдаңыз.
Камера мен фотосуреттер
89
Анықтығы стандартты теледидарда фотосуреттерді және бейнелерді көру
1 Nokia бейне байланыс кабелін үйлесімді теледидардың бейне кірісінің ұясына
жалғаңыз. Кабель ұштарының түсі ұялардың түсіне сәйкес келуі керек.
2 Nokia бейне байланыс кабелінің екінші жағын телефонның Nokia AV ұясына
жалғаңыз. Байланыс түрі ретінде
ТД шығыс кабелі
таңдау керек болуы
мүмкін.
3 Телефонда фотосуретті немесе бейнені таңдаңыз.
Құрылғыға сигнал шығаратын өнімдерді жалғамаңыз. Бұл құрылғыны зақымдауы
мүмкін. Nokia AV ұясына қандай да бір кернеу көзін қоспаңыз. Осы құрылғымен
бірге қолдану үшін Nokia мақұлдаған түрлерден басқа кез келген сыртқы құрылғы
немесе құлақаспапты Nokia AV ұясына қоссаңыз, дыбыс деңгейіне баса назар
аударыңыз.