
Фотосуретті немесе басқа мазмұнды NFC қолдайтын екінші телефонға жіберу
NFC қолдайтын екінші үйлесімді телефонға тигенде, жеке фотосуреттерді,
бейнелерді, контактілерді және жеке картаны бөлісе аласыз.
Фотосуретті бөлісу
1 Галерея ішінде фотосуретті таңдаңыз.
2 Басқа телефондағы NFC аймағын өз телефоныңыздың NFC аймағымен
түртіңіз. Фотосурет Bluetooth функциясын пайдаланып жіберіледі.
NFC аймағының орналасуы өзгеше болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін
екінші телефонның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.