Радио арқылы әнді ойнату
Әндерді жоғары дыбыспен немесе сапасы жоғары стерео динамиктер арқылы
тыңдағыңыз келеді ме? Музыканы FM радиосы арқылы ойнатуға болады.
1 Қабылдағыш радионы бос жиілікке дәлдеңіз.
2
>
Музыка ойнатқыш
белгішесін басыңыз.
3 Әнді немесе ойнату тізімін таңдаңыз.
4
>
Радио арқылы ойнату
тармағын таңдаңыз.
5 Қабылдағыш радионы реттеген жиілікті енгізіңіз. Мысалы, аумағыңызда 107,8
МГц жиілігі бос болса және FM радиоңызды сол жиілікке дәлдеген болсаңыз,
FM таратқышында 107,8 МГц жиілігіне дәлдеңіз.
Ойын-сауық
95
Дыбыс деңгейін реттеу үшін қабылдағыш радиодағы дыбысты реттеу
функциясын қолданыңыз. Телефонның дыбысы өшірілмеген болсын.
Кеңес: FM таратқышын оңай қосу немесе ажырату үшін, басты экранға Радио
арқылы ойнату виджетін қосыңыз.
Бұл қолданба заңды жолмен алынған мазмұнмен ғана жеке мақсат үшін
пайдалануға арналған.