
SIM картасы мен батареяны салу
Маңызды: Бұл құрылғы стандартты SIM картасымен (суретті қараңыз) ғана
пайдалануға арналған. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен картаны
зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-UICC ойығы
бар SIM картасын пайдалану туралы кеңесті мобильді байланыс
операторыңыздан алыңыз.
Артқы қақпағын зақымдап алмау үшін, нұсқауларды мұқият орындаңыз.
1 Артқы қақпақтың босату ысырмасын телефонның төменгі жағына қарай
тартып, қақпағын шығарып алыңыз.
Пайдалануды бастау
9

2 Салынған болса, батареяны көтеріп шығарыңыз.
3 SIM картасын салыңыз. Картаның түйіспе аймағы жоғары қаратылғанын
тексеріңіз.
Картаны ішке қарай орнына түскенше басу керек.
4 Батареяның және батарея бөлімінің түйіспелерін бір-біріне келтіріп,
батареяны салыңыз.
5 Артқы қақпақғын орнына салу үшін, жоғарғы бекіту тілдерін тиісті
ойықтарына қаратып, орнына түскенше төмен қарай итеріңіз.
10
Пайдалануды бастау