Nokia 701 - «Әлеуметтік» қолданбасы туралы ақпарат

background image

«Әлеуметтік» қолданбасы туралы ақпарат

>

Social

тармағын таңдаңыз да, пайдаланатын әлеуметтік желі

қызметтеріне кіріңіз.

Әлеуметтік желі әрекеттестігін күшейту үшін Social қолданбасын пайдаланыңыз.

Facebook немесе Twitter сияқты әлеуметтік желі қызметтеріне Social қолданбасы

арқылы кірген кезде, келесі әрекеттерді орындауға болады:

бірнеше қызметтегі достардың жанартылған күйлерін бір көріністе көру;

өз жаңартылған күйіңізді бірнеше қызметтке бір уақытта жариялау;

камерамен түсірген фотосуреттерді бөлісу;

телефонмен жазған бейнелерді бөлісу;

oнлайн достарыңыздың профильдерін телефоныңыздағы контакт

мәліметтеріне байланыстыру;

oрналасқан жер туралы ақпаратты күй жаңартуына қосу;

қызмет күнтізбесіндегі іс-шараларды телефон күнтізбесіне қосу.

Тек әлеуметтік желі қызметі қолдайтын мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

Әлеуметтік желі қызметтерін пайдалану үшін желі қолдауы керек болады. Бұл

көлемді деректердің тасымалдануын және соған қатысты дерек ақыларының

56

Әлеуметтік желілер

background image

алынуын туғызуы мүмкін. Деректер тасымалдау ақысы туралы қосымша ақпарат

алу үшін, желілік қызмет провайдеріне хабарласыңыз.

Әлеуметтік желі қызметтері үшінші тарап ұсынатын қызметтер болып табылады

және оларды Nokia компаниясы қамтамасыз етпейді. Өзіңіз пайдаланатын

әлеуметтік желі қызметінің құпиялық параметрлерін тексеріңіз, себебі

ақпаратыңыз үлкен топтың ішінде таратылуы мүмкін. Әлеуметтік желі қызметін

пайдалану шарттары осы қызметте ақпарат бөлісуге де қолданылады. Сол

қызметтің пайдалану шарттары мен құпиялық тәжірибесімен танысыңыз.